Ғылыми қызметі

Базалық білім бойынша ХжЭ кафедрасының оқытушылар құрамының ғылыми-педагогикалық біліктілігі химик-технологтар мен экологтарды даярлау саласындағы білім беру бағдарламаларының бейініне сәйкес келеді. Кафедраның алдыңғы қатарлы оқытушыларының жетекшілігімен ҚР ҒжЖБМ қаржыландыратын және өздері ұсынған ҒЗЖ орындалуда.

  • Ағынды суларды техногендік ластанудан тазарту үшін табиғи шикізат негізінде сорбенттер әзірлеу (ғылыми жетекші проф.Қозыбаев А. К.).
  • Пиротехникалық материалдар негізінде баламалы ток көздерінде жүретін физика-химиялық процестерді әзірлеу және зерттеу (ғылыми жетекші, қауымд. проф. Бугубаева Г.О.).
  • Топырақтың экологиялық қауіпсіздігі мен құнарлылығын қамтамасыз ететін биологиялық өнімдерді әзірлеу және зерттеу (ғылыми жетекші, проф. Сулейменова М.Ш.).
  • Өсімдікшикізатынегізінде құрамында каратиноидтары бар препараттардыалутехнологиясынжасау (ғылыми жетекші, қауымд. проф. Калимолдина Л.М.).
  • Органикалық ластаушы заттарды залалсыздандыруға арналған фотокаталитикалық биополимерлері бар өзін-өзі тазалайтын топырақ жүйелері (ғылыми жетекші, проф. Сулейменова М.Ш.).
  • Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің қазақстандық секторының кешенді ғылыми-зерттеу экологиялық мониторингі (ғылыми жетекші PhD Мышырова Ж.К.).

Кафедрада ғылым кандидаттары, PhD докторлары, докторанттар мен магистранттар қатарынан жас ғалымдардың ғылыми мектебі, студенттік ғылыми үйірме бар. 60 % аса диплом жұмыстарында ҒЗЖ элементтері бар. ҒЗЖ нәтижелері бакалаврлардың білім беру процесінде практикалық және зертханалық жұмыстарды орындау кезінде белсенді қолданылады, бұл білім беру бағдарламасының сапасын қамтамасыз ету саясатына сәйкес келеді. 

ХжЭ кафедрасының ғылыми-зерттеу қызметі өте жоғары, кафедра профессорлық-оқытушылық құрамының 50%-дан астамында Хирша индексі бар. Ғылыми зерттеулердің нәтижелері элективті пәндерді әзірлеу арқылы оқу процесіне енгізіледі. ПОҚ және кафедра білім алушылары жыл сайын АҚШ, Германия, Португалия, Чехия, Италия, Бельгия, Түркия және т.б. мемлекеттердің қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарында өткізілетін халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға белсенді қатысады. ХжЭ кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамының ҚР ЖҒжБМ ұсынған және Web of Science базасында нөлдік емес импакт-факторы бар немесе Scopus базасының 1, 2 және 3 квартилі кіретін халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдар базасына кіретін басылымдарда жарияланымдары бар.

Оқытушылар жетекшілігімен студенттер кафедраның ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенді қатысады (студенттер конференциясы, олимпиада, Start-up-жобалар, байқаулар және т.б.). Оқытушылар құрамының 30% -дан астам ғылыми жарияланымдары студенттермен, магистранттармен және докторанттармен бірлесіп орындалды. РҒПК «Ғылым. Білім. Жастар» (АТУ), «Ұрпақтар арқылы өтетін жасыл көпір» ХҒПК (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ), «Фараби әлемі» ХҒПК (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ), ХҒПК «Тамақ, жеңіл өнеркәсіп және қонақжай индустриясының инновациялық дамуы» (АТУ), ҚР Кіші ғылым академиясының РҒПК конференцияларына белсенді қатысқаны үшін студенттер жыл сайын сертификаттармен және дипломдармен марапатталады.

«Экология» бакалавриат білім беру бағдарламаларының студенттері Республикалық пәндік олимпиаданың және қазақстандық жоғары оқу орындары арасындағы ғылыми жұмыстардың Республикалық конкурсының нәтижелері бойынша ҚР ЖҒжБм дипломдарымен марапатталды.

Факультеттің кафедралары

Галерея

Өмір мен оқиғалар туралы көбірек
біздің әлеуметтік желілерде
Онлайн кеңесшіге жазыңыз
Біз жұмыс уақытында сағат
8:30-дан 17:30-ға дейін байланыстамыз